«Жангелдин ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі-Министрлік) Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында 2019 3 шілдесі мен 30 қыркүйек аралығында жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясының басталғанын хабарлап, өткізілуін хабарлайды.  

 

Биылғы жылы көмекке мұқтаж балаларды барынша қамту мақсатында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы дәстүрлі басталуынан бір ай бұрын, шілде айынан басталып, 30 қыркүйекте аяқталады. 

 

Ағымдағы жылы Министрліктің әлеуметтік бағыттағы бастамасы «Жүректен жүрекке!» ұранымен өтеді.

 

Білім беру ұйымдарында аз қамтылған, көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған ақция келесіні қамтуы тиіс:

 

  • көмекке мұқтаж балалардың тізімін қалыптастыру;
  • демеушілер мен меценаттардың мұқтаж балаларға материалдық және қаржылық көмек көрсетуі;
  • төмен бағалар бойынша мектеп жәрмеңкесі;
  • ауданның ірі сауда және сауда ойын-сауық орталықтарында мектеп керек-жарақтарын және киімдерін жинау үшін контейнерлер орнату;
  • құқықтық көмек көрсеу және ақпараттық-түсіндіру сүйемелдеу, сондай-ақ «тәуекел тобындағы» балаларды анықтау үшін еріктілерді тарта отырып, мобилді топтардың жұмыс істеуі;
  • көмек жинау бойынша жылжымалы пункттердің жұмысы;

 

Жылда өткізілетін дәстүрді жалғастыру мақсатында мектеп жасындағы барлық балаларға, оның ішінде тұрмысы жағынан аз қамтылған, көп балалы отбасы, сонымен бірге жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың оқумен қамтылуына көмектесуге шақырамыз.

 

«Жангелдин ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінде аудан бойынша көмек қажет ететін балалардың базасы қалыптастырылған, көмек көрсетуге ниет білдіргендер төмендегі мекен-жайға, телефонға хабарласуға болады.

 

«Жангелдин ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі , Торғай селосы, К.Алтынсарин көшесі, 4 үй (аудан әкімшілігінің ғимараты);

 

Телефондар: 8(71439) 21557, 21162.      

          

 Білім беру бөлімінің бас маманы Раисова Алуа Турсынгалиевна

 

 

   АТА-АНАЛАРДЫҢ ЕСІНЕ! 2019-2020 оқу жылында 1 сыныпқа қабылдау бойынша

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 1 сыныпқа қабылдау мәселесіне қатысты төмендегіні хабарлайды.

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң)31-бабының 1-тармағына сәйкес, 1 сыныпқа оқуға алты жастан бастап балалар қабылданады. Аталған норма 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Білім беру ұйымына қабылдау ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы№ 564 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Ереже) бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Аталған Ереженің9-тармағына сәйкес осы ретте мынадай құжаттар қажет:

 

1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш;

 

         2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

 

         3) денсаулық жағдайы туралы анықтама (026 / у-3 нысаны);

 

         4) көлемі 3х4 см фотосурет – 2 дана.

 

Мектеп әкімшілігінің басқа да құжаттары ата-аналардан талап етуге құқығы жоқ.

 

Ереженің 9 тармағына сәйкес даярлық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымдарына қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балалардың қол жетімділігін қамтамасыз ете отырып, мектепке қабылдау нормасы сақталған.

 

2019-2020 жылғы 1 қыркүйекте 1 сыныпқа 6 жастағы балалар, сондай-ақ, ата-аналардың қалауы бойынша ағымдағы күнтізбелік жылдың соңына дейін алты жасқа толған балалар қабылданатын болады.

 

Ереженің 7-тармағына сәйкес баланың немесе білім беру ұйымының таңдауы бойынша білім алушының ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің баланың тілегі, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып құқығы көзделген.  Осыған байланысты аймақтардағы, әсіресе Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы мектеп әкімшіліктеріне ата-аналардың тілегі мен мектептің мүмкіндіктерін ескере отырып қабылдау бойынша барынша жағдай жасау қажет.

 

Мектепке дейінгі жастағы балаларға қатысты

 

ҚР «Білім туралы» Заңының 30-бабына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту алты жасқа дейін отбасында, мектепке дейінгі ұйымдарда, бес жастан бастап мектепалды даярлық сыныптарында, отбасында, мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы білім беретін мектептердің мектепалды даярлық сыныптарында(лицейлер, гимназиялар)жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі ұйымдардың қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес мектеп жасына жеткен балаларды мектепке дейінгі ұйымнан шығару жыл сайын 1 тамызға дейін жүзеге асырылады.

 

1 қыркүйекте 6 жасқа толмаған балалар мектеп жасына толғанға дейін отбасында, мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы білім беретін мектептердің (лицейлердің, гимназиялардың) мектепалды сыныптарында тәрбиеленіп, оқиды.

 

Оқуға қабылдауды ұйымдастыру жауапкершілігі орта білім беру ұйымдарының барлық түрлерінің бірінші басшыларына жүктеледі.