Жаз айлары - мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Бұл – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі.
Бастауыш және орта буын сыныптарының балалары үшін бұл уақыт            тән – тұрпаттың табиғатпен ерекше үндестік тауып, дүниетаным аясы кеңейтін, көзқарас қалыптасып, үйренуге ықыласы артатын жылдың тамаша мезгілі. Лагерь жұмысын ұйымдастырудың мақсаты: балалрдың лагерь жағдайында әлеуметтік тәжірибе жинақтауы, дамуына жағдай жасау, сауықтыру мазмұны, түрі жағынан әр түрлі қызықты да мазмұнды жүйе қалыптастыру. Жазғы мектеп жанындағы лагердің негізгі міндеттері: Лагерь тәрбиеленушілері мен педагогикалық ұжымның бірлесіп атқаратын іс - шарасын ұйымдастыру. Туған жерінің табиғатына, жеріне, әлемге, мәдениетіне қамқорлық сезімін дамыту. Балалардың шығармашылық, біліктілік, дене тәрбиесі қабілеттерін дамытуға жағдай жасау. Құрдастарымен мәдениетті түрде қарым - қатынас жасауға баулу. Мектеп, қала, елінің тарихы туралы білім көлемін толықтыру, Отансүйгіштік тәрбие беру болып табылады.    

 

«Қылқалам әлемі» күні.

 

 

«Ұшқын түбі- өрт»