Жангелдин ауданының білім беру бөлімі бойынша 10 айында атқарылған жұмыстары туралы

 

          Аудан бойынша биылғы оқу жылында 15-орта, 3-негізгі,6-бастауыш барлығы 24 мектептерге жыл басына 2360 оқушы оқуға тартылды.

Мектепке дейінгі білім берудің мазмұнын дамытуға елеулі мән берілуде. Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеудің  стандарты жаңартылды , үлгілік бағдарламалары әзірленді. Ақпараттық технологиялар арқылы мектепке дейінгі жастағы балаларды кезекке қою автоматтандыру жүйесіне енгізілді. Электронды күнделік тұрақты жұмыс жасауда. Мұғалімдер  қашықтық оқыту арқылы өз білімдерін жетілдіруде, сонымен қатар Білім-Ленд т.б сайттармен жұмыс жасау жүйесі енгізіліп, білім мазмұнын жаңарту аясында бәсекеге қабілетті ұлтты тәрбиелеуде оң қадамдар жасалынып, тәжірибеден өтіп жатыр.

Мектепке дейінгі тәрбие.

Жангелдин ауданы бойынша 2018-2019 оқу жылында аудан бойынша мектепке дейінгі  0-7 жас аралығындағы бала саны- 1789. Осыдан мектепке дейінгі ұйымдарға тартылып отырғаны -815 бала. Оның ішінде балабақшаларда-198  бала, шағын топтарда-617. 2018-2019 оқу жылында мектепке дейінгі ұйымдармен қамту-аудан бойынша   92,2%- құраса , биылғы жаңа оқу жылында тағы 1 ұзартылған топ ашылып, қамту пайызы- 94,5 пайызға көтеріледі деп жоспарланып отыр.

      Облыс әкімнің қатысуымен өткен 2018 жылғы 04 сәуірдегі білім басқармасының кеңейтілген отырысы № 07-5/2426 хаттамасында 1.2.2 тармағында берілген 2018 жылдың соңына дейін мектепке дейінгі ұйымдарға балаларды кезекке қою үшін көрсетілетін мемлекеттік қызметті толығымен электронды режимге көшіру тапсырмасын орындау туралы және 2018 жылғы 8 тамыздағы Қостанай облысы әкімдігінің кеңейтілген отырысы № 9 хаттамасында «Балабақшалардағы кезекке қоюдың автоматтандырылған жүйесін енгізу үшін екі ай мерзімде қаржы бөлініп, келісім шарт жасасын»  деп берілген тапсырмасына сәйкес МДҰ  да автоматты түрде жолдама беру жүйесі, Мектепке дейінгі ұйымдарға балаларды кезекке қою бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметті электрондық режимге көшіру үшін, Астана қаласынан «HANALI 2013» ЖШС-мен қыркүйек айының 13.09.2018ж.күні №235 келісімшарт жасалды.  24 мектепке, 3 мектепке дейінгі ұйымға және 1 білім бөліміне жүйені орнату үшін жұмыстар жүргізілді. 2018 жылдың қараша айында 24 мектепке, 3 мектепке дейінгі ұйымға және 1 білім бөліміне жүйені орнатылып, көрсетілетін мемлекеттік қызмет толығымен электронды режимге көшірілді.    

      Бүгінгі таңда бұл қызмет ата-аналарға портал  жүйесінде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану арқылы қол жетімді. Осы күнге дейін жүйе арқылы Жанкелдин ауданы бойынша 27 білім беру мен тәрбиелеу ұйымдары тіркеліп жұмыс жасауда.

         Бүгінгі күнге дейін  мектепке дейінгі ұйымдарға 115 жолдама берілді және  кәзіргі таңда балабақшалар мен мектепке дейінгі ұйымдарға  кезекте 203 бала тұр.

                                    Жаппай оқыту туралы.

      Аудан бойынша жаңа 2019-2020 оқу жылының басына 24 мектеп жұмыс жасайды, оның ішінде 15 орта, 3 негізгі, 6 бастауыш мектептері бар. Оқу жылының 2 тоқсан қорытындысы бойынша оқушылар саны- 2349. Даярлық сыныпта-232. 1 сыныпқа -241 бала қабылданды. Осыған байланысты Ұлттық білім беру деректері қоры толтырылды. 2019 жылдың 12 айында себепсіз сабақ қалдырған оқушылар жоқ.

             Мемлекеттік нормативке сәйкес келмейтін мектептер туралы

         Мемлекеттік нормативке сәйкес келмейтін мектептерді жабу және қайта ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1256 қаулысымен бекітілген Білім беру ұйымдарының желісін кепілдік берілген мемлекеттік нормативіне сәйкес келмейтіні-6 мектеп. Олар: Қ.Жармағанбетов орта мектебі-46; С.Мауленов орта мектебі-47; Ғ.Қайырбеков орта мектебі-72; Шұбалаң негізгі мектебі-37; Сарысу -33; Тоқанай бастауыш мектебі-3; Аудан бойынша мемлекеттік нормативке сәйкестеу үшін аталған мектептердің шығындарын есептеу жұмыстары  жүргізілді, нәтижесінде   2018-2019 оқу жылының қорытындысымен Бидайық негізгі мектебі оңтайландырылып, бастауыш мектебі болып қайта құрылды. Аталған мектептерде жұмысшы тобы ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізіп, оңтайландыру жұмыстары «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 2020 жылдың 20 тамызына дейін жалғастырылады. Кәзіргі таңда мектептердің контингетін болжау, жол картасын құрылып, жұмыстары жүргізілуде.

                Тегін ыстық, буфеттік жүйеде тамақтандыру туралы

Аудан бойынша тегін ыстық тамақпен 3 мектеп (А.Қонқабаев, А.Байтұрсынов, С.Мауленов) оқушылар саны-65, ол 4,6 % құрайды. 15 мектептің 531  оқушысы тегін буфеттік жүйеде беріліп отыр. Тамақтандыру жергілікті жердің бюджетінен бөлінген қаржымен өнім берушілермен беріледі. Ыстық тамаққа 152,6 тенге, буфеттік жүйедегі тамақтануға-80 тенге бөлінеді. Былтырғы оқу жылы  ыстық тамақ-95 оқушыға, 706 буфеттік жүйеде тамақтану жүргізілуде.

       Кадр туралы

 2019-2020 оқу жылында Жангелдин ауданы бойынша

Педагог қызметкерлерінің жалпы саны:

  • жалпы саны -641
  • Оның ішінде:
  • Жоғарғы білімдісі -506, Орта білімдісі- 135
  • Санаты бойынша: жоғары-66, бірінші-154, екінші-119, санатсыз -142.
  • Педагог-модератор -70
  • Педагог-сарапшы -56
  • Педагог-зертеуші-34
  • Педагог-мастер-0

 

2019- КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ТУРАЛЫ (жоспар 100 пайызға орындалды)

«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ-нің өңірлер бөлінісінде               2019  жылы кадрлар даярлау бойынша орындарды квота бөлуі бойынша Жангелдин ауданынына тегін кәсіптік білім алу үшін 10 квота бөлді (9 сыныптан -9 квота ,  11- сыныптан -1 квота).

Арқалық политехникалық колледжінің -9 (Повар-2, техник-бағдарламашысы-5, электрик-2)  Қостанай  ауылшаруашылық колледжі -1 (веттехник-1).

Кәсіптік білім беру бойынша берілген жоспардан артық орындадық, тегін кәсіптік білім алу үшін 16 балаға квота берілді.

 

                        Курстардан өту туралы

Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі және орта білім беру Департаменті «Өрлеу «БАҰО» АҚ Қостанай облысы бойынша филиалы базасында 2019 жылы ұйымдастырылатын педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстары  Жангелдин  ауданы бойынша  барлығы  123 педагог  білімдерін  жетілдіруде оның ішінде  101 пән  мұғалімдері   және  22  мектепке  дейінгі   ұйымдардың  тәрбиешілері  курстардан өтуде.  Аталған  пәндерге   дене  тәрбиесінен -30 мұғалім, математикадан  25 мұғалім, Бастауыш  пәні  мұғалімдерінен -26 мұғалімдер   ауданда жылжымалы курстан  білімдерін жетілдірді.  

Орлеу  біліктілікті  арттыру  орталығынан  өтеттін -123 педагог  кадралардың  81 пәні  мұғалімі  ауданнан  өтті.

Қостанай   қаласына  Өрлеу  біліктілік орталығынан  -42 пәні  мұғалімі курстан өтуде  . Қазіргі   таңда  өтіп  отырганы -37 пән  мұғалімдері  курстан  өтіп  білімдерін  жетілдіруде  қалған  5 педагог   алдағы   қараша -желтоқсан   айларында курстан  өтеді.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының және оның филиалдарының базасында өткізілетін 2019 жылға арналған педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының бекітілген жоспар-кестесін   ауданда  64 мұғалім  білімдерін  жетілдіруде.

Қостанай  қаласында  өтеді  іс  сапар  шығыны Педагогикалық шеберлік орталығының  есебінен  төленеді.

64 пән  мұғалімнің   қазіргі  таңда  курстан  өтіп  отырған- 60мұғалім  курстан  өтіп  отыр. Қалған -4 мұғалім   жетоқсан   айында  жоспарлануда.

  Кезекті   курстардан  барлығы  - 223  мұғалім білімдерін  жетілдіріп  отыр. Олар  «Өрлеу»  біліктілікті  арттыру  орталығынан  Инклюзивті  білім  беру -165мұғ, Кітапханашылар-19 білімдерін  жетілдірді.

 Қостанай қаласына латын  графикасы-22мұғ, Үш  тілдік  курс-2 мұғ/    физика-1,информатика-4,Алматы қаласына діни  экстремизм тақырыбындағы  курсқа -1мұғ, Астана  қаласына  мектеп басшылардың  курсынан-2, Алматы  қаласынан  тәрбие ісі  жөніндегі  орынбасарларының курсынан -1мұғалім, оқу ісі  жөніндегі   орынбасарлардың  курсына -11 мұғ білімдерін  жетілдірді.

Барлығы  аудан  бойынша биылғы   оқу  жылында  барлығы  -  320 мұғалім білімдерін  жетілдіріп   отыр.

 

                           ҰБТ -2019 ж дайындық барысы туралы.

    2018-2019 оқу жылы 11 сыныпты 202 оқушы аяқтады. ҰБТ –ға тілек білдіріп, тапсырғандар саны -149.  Жангелдин ауданының білім беру бөлімі 2019 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдасқан түрде № 815 тестілеу пунктінде өткізді. ҰБТ -2019 ж нәтижесінде аудан бойынша орташа балы-87,6 бірлікті құрап, ең жоғары балл-134, ең төмен балл-36; 100 баллдан жоғары болғандар-72. Ағымдағы оқу жылы ҰБТ-ге мемлекеттік грант арқылы жоғары оқу орнына түскендер саны-100, ақылы-31; колледжга грантқа-55, ақылы-15.  9 сыныптан кейін колледжге грантқа-34, ақылы-1, 10 сыныпта -148 оқушылары білімін жалғастырып жатыр.      

                              Тәрбие саласы бойынша

      Қаңтар айында тәрбие саласы бойынша 2019 жылға арналған жұмыс жоспары құрылды. Жоспар бойынша «Тұмауды ауруларының алдын алу», «Түлектерді қарсы алу кештері», аудандық тақырыптық суреттер, байқаулар өткізілді.

      Ақпан айында «Ауған жерін еске аламын» атты тақырыпта сынып сағаттары өткізілді. 11 сынып оқушылары «Менің өмірлік жоспарым, келешегім, мүмкіндігім» атты эссе байқауы өткізілді. «Мектептегі патриорттық тәрбие» атты тақырыпта жоғарғы сынып оқушыларына бейне-фильмдер көрсетілді.

      1 Наурыз Алғыс айту күніне орай «Біздің күшіміз - бірлікте» кітап көрмесі, «Алғыс –сөздің асылы»  ашық тәрбие сағаттары, «Алғыс айту парызым...» дөңгелек үстелдер мен кездесулер,  «Алғыс білдіремін»  шығармалар конкурсы,    «Ата-анам – алтын тұғырым» фото сурет көрмесі, «Арамызда жүр батырлар»  қарт ұстаздармен кездесулер, «Мен алғыс айтамын!...» флешмобтар және «Алғыс бата ал»   қайырымдылық акциясы өткізілді. 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Анама сыйлық» үйірмеаралық көрме, «Ақ жарқын – жан анам» ашық тәрбие сағаттары, «Барлық аналарға арналады» балалар суреттерінің көрмесі, «Ана жыры-көктем нұры» әдеби-сазды кештер және «Жаса, Наурыз, Дәстүрлі» мерекелік іс – шаралар өткізілді.  «Салауатты өмір салтын сақтаймыз» флешмоб және «Туған жер-тұңған тарих» дөңгелек стол  ұйымдастырылды.

            Сәуір айында Энергия үнемдеу барлық мектептерде бойынша сынып сағаттары, «Ұшқыш болар баламын...» атты тақырыпта сынып сағаттары өткізілді. «Бала тәрбиесінде ата-ана белсенділігі-қоғам дамуының негізгі факторы» атты аудандық семинар өткізілді.

           Мамыр айының алғашқы аптасы бойынша «Қазақстан болашағы-халықтар бірлігінде» кітап көрмесі, «Мәңгілік ел» тақырыбында сынып сағаттары, «Бейбітшілік пен келісім – тәуелсіздіктің басты жетісітігі» тақырыбында дөңгелек үстелдер өткізілді.  «Қазақстан – достық мекені» атты тақырыпта мерекелік іс- шаралар өз жалғасын тапты.

         7 мамыр Отан қорғаушылар күні мен 9- мамыр Ұлы Отан Соғысының 74 жылдығына орай «Ерлер-жердің қорғаны, елдің тұтқасы» тәрбие сағаттары, «Мен келешектегі Отан қорғаушымын» атты сурет көрмесі, «Отан- оттанда ыстық», «Отты жылдар елесің, кітаптан оқып білесің» кітап көрмесі, «Ерлігі елдің мәңгі есте» еске алу кештері, «Жеңістің жырын жырлайық» атты концерттік бағдарламалар өткізілді.

         25 мамыр күні «Соңғы қоңырау» мектеппен қоштасу салтанаты өткізілді.

        1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні «Бала деген бір бақыт!» атты тақырыпта басты іс-шаралар өткізілді.  Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай «Тәуелсіздік Рәміздері», «Тәуелсіз елдің - нышандары» кітап көрмелері, «Мемлекеттік рәміздер - елдігіміздің нышаны» атты мерекелік шара және  «Баланы қорғау - ұлт болашағы» мерекелік кездесулер мен акциялар ұйымдастырылды.

                 6 шілде Астана күніне орай «Астана – арман кала» тақырыбында суретшілер байқауы және «Біз бақытты баламыз!» атты флеш-мобы ұйымдастырылды.

         Біздің елімізде жыл сайын 1-қыркүйек Күні мерекесі атап өтіледі. Бұл күні аудан мектептерінде оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті. Барлық мектепдерде "Мен - өз елімнің патриотымын" атты ашық сабақтар өткізілді.  Ең маңызды басымдылықтарының бірі, елдің ұзақ мерзімді даму Стратегиясының "Қазақстан-2030" денсаулығы болып табылады осы жағдай бойынша барлық аудан мектептерінде дәстүрлі "Денсаулық Фестивалі" өтті. Оған 2200 оқушы қатысып, ол әр түрлі спорт түрлері бойынша жүргізілді.  «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында мектептерде отбасы күніне арналған апталық өткізілді. «Отбасы-бақыт мекені» апталығы аясында жиын өткізіліп, отбасы мәселесіне байланысты психологиялық кеңестер берілді.

          Қазан айында  мұғалімдер күні мерекесіне орай «Ұстазым – ұлағатым, үлгі өнегем» атты тақырыпта барлық мектептерде  мерекелік кештер өткізілді. «Аталар сөзі –ақылдың көзі» тақырыбында қарттар күніне байланысты педагог ардагерлермен кездесу кештері өткізілді.  Сонымен қатар «Ерте, Алтын, Қара күз» тақырыбында алтын күз кештері өткізілді. «Ел тарихын, жер  тарихын  біліп  жүрейік» атты  дөңгелек  үстел  болды. Оқушыларымыздың   туған  жерге деген  сүйіспеншілігі, оның  тарихын  білуге  қызығушылығын  арттыру  мақсатында. Жер  атауларының  шығу  тарихын  білу.  «Менің  Отаным- Қазақстан» тақырыбында шығармалар, 5-8 сыныптар арасында «Менің ауылым-менің тағдырым» атты эсселер байқауы  болды. «Торғайдың тума таланттары» тақырыбымен кітап көрмесі ұйымдастырылып көрмеге туған жерімізден шыққан ақын-жазушыларымыздың кітаптары қойылып  5 - 9 сынып оқушылары осы тақырыпта рефераттар мен мақалалар жазып байқау өткізілді. «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы  өткізілді. «Озық ойлы алғырлар» тақырыбында зияткерлік сайысы өткізілді. «Торғайдан шыққан еңбек ерлері» тақырыбында рефераттар қорғау және жоба қорғау   байқауы өткізілді.  «Туған жердің төл перзенттері» тақырыбында көрме өтті. Шараның мақсаты туған жерден шыққан атақты тұлғалар туралы деректер жинау, оны насихаттау. Шара аясында оқушылар өздері жинаған деректерін кітапханаға тапсырды. «Туған өлкемнің табиғаты» тақырыбында үздік фото және бейнероликтер  түсіріп  туып өскен Торғай аймағының тарихи және мәдени жерлеріне бейне саяхаттар жасап, бейне таспалар тапсырып, өте жақсы түсірілген бейне таспалар марапатталды. «Менің елім - менің жерім» атты Қазақстан Республикасының мәдениеті, салт - дәстүріне байланысты  топтық интелектуальдық сайыс өткізілді.

                          

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жобалар туралы

Ағымдағы жылдың 28 қыркүйек - 18 қазан аралығында «Жангелдин ауданының білім беру бөлімінің» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде  «Психологиялық көмек көрсету» бағдарламасы аясында   Қостанай қаласындағы  «Жаңа адамдар» қауымдастық нысанындағы жеке кәсіпкерлерді біріктіру орталығының ұйымдастыруымен «Менің жарқын өмірім» жобасы өткізілді. Жобаға жергілікті бюджеттен 500 000 тенге бөлінді. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобасының негізгі мақсаты,кәсіби мамандарды тарта отырып, кәмелетке толмағандар арасында өзіне-өзі қол жұмсаушылық әрекеттің алдын алу бойынша іс-шаралар өткізу. Бұл жоба профилактикалық жұмыстардың сапасын көтеру,педагог-психологтардың кәсіби біліктілігін арттыру, балалар мен жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсаушылық санын төмендетуге бағытталған. Жобаға білім беру ұйымдарының тәрбие ісі бойынша меңгерушілері, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар, сынып жетекшілер, ата-аналар, 9-11 оқушылары қатыстырылды. Жобаның шеңберінде психолог-тренер Козыбаева Роза Есимхановна «Жасөспірімдердің суицидалды мінез-құлқы. Суицидтің қауіп-қатер және қорғаушы факторлары» тақырыбында барлық білім беру ұйымдарының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар,әлеуметтік педагогтер,сынып жетекшілер және жоғары сынып оқушылары ата-аналарының қатысуымен дәріс өткізілді.9-11 сынып оқушылары арасында жасөспірімдердің хабардарлығын арттыру бағдарламасы бойынша «Өзіңнің көңіл-күйіңді көтеріп,қуана біл» тақырыбында тренинг және эссе байқауы өтті. Байқау қорытындысы бойынша үздік эссе иегерлері марапатталып, бағалы сыйлықтар табыс етілді.Сондай-ақ, педагог-психологтар мен  әлеуметтік педагогтардың қатысуымен «Өзіне-өзі қол жұмсауға бейімі бар кәмелетке толмағандарды анықтау және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету,алдын алу жүйесін әзірлеу» тақырыбында семинар өтті.Семинарға қатысушыларға кәмелетке толмағандарарасындағы аутодеструктивті мінез-құлық  белгілерін анықтау, диагностика жүргізу мен алдын алу проблемалары жөнінде ақпарат берілді. «Қостанай облысының кәмелететке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының» маманы – Жармаганбетова Жания Токтаровнаның ұйымдастыруымен кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер жөнінде дәріс өткізді.Жоба соңында жобаға қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етілді.

2019 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының білім беру ұйымдарында

орындалуы бойынша ақпарат

Жангелдин ауданы

(өңірдің атауы)

Кесте 1. Өткізілген іс-шаралар және басылымдар

Жобалар, іс-шаралар

Іс-шаралар саны

Қамту, адам

Дөңгелек үстелдер, ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар саны

«Рухани жаңғыру» тақырыбы бойынша басылымдар саны

Оның ішінде монографиялар саны/ «Рухани жаңғыру» тақырыбында шыққан кітаптар

Оның ішінде шетел баспаларда шыққан басылымдар саны

«Рухани жаңғыру» тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмыстарының саны

Қаржы көлемі, соның ішінде демеушілік қаржы

Жалпы іс-шаралар

18

3444

2

18

-

-

-

1090,2 тыс тг

Оның ішінде «Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулық» арнайы жобасы аясында

-

 

 

 

 

 

 

 

Оның ішінде «Мемлекеттік тілді латын графикасына көшіру» арнайы жобасы аясында

-

 

 

 

 

 

 

 

Оның ішінде «Туған жер» арнайы жобасы аясында

10

1827

1

10

-

-

-

560300

Оның ішінде «Ұлы даланың жеті қыры» арнайы жобасы аясында

8

1617

1

8

-

-

-

529900

Барлығы:

18

3444

2

18

-

-

-

1090,2 тыс тг

Кесте 2. Өткізілетін іс-шаралардың ақпараттық сүйемелдеуі

Іс-шараның атауы

 

Өткізілетін уақыты және орны

 

Мақсаттық аудитория және қамту

БАҚ

еледидар, баспа және интернет басылымдар)

БАҚ-та шығарылған ақпараттың уақыты мен нақты сілтемелері

Жауапты орындаушылар

1

«Өлең сөздің-патшасы»

5-6 сәуір 2019 жыл

87

Жергілікті Біздің Торғай газеті, аудан әкімініңң сайты, білім беру бөлімінің сайты инстаграм және Fasebook желісі

https://www.facebook.com/usernameguldana, https://www.instagram.com/ruhanizhangyrutor/, http://dzhangeldi-roo.kz/kz/zha-aly-tar.html, http://zhangeldy.kostanay.gov.kz/.

Әдістемелік кабинетінің әдіскері Абенова Гүлдана Қайыржанқызы

2

«Ұлыстың ұлы күні

21-23 наурыз 2019 жыл

250

-

-

Әдістемелік кабинетінің әдіскері Құспек Аян Салимжанович

3

«Рухани жаңғыру-табысты ел болуымыздың кепілі»

8-12 сәуір 2019 жыл

300

-

-

Әдістемелік кабинетінің әдіскері Абенова Гүлдана Қайыржанқызы

4

«Ұлы даланың ұлы өркениеттері»

5-12 мамыр 2019 жыл

300

Аудан әкімініңң сайты, білім беру бөлімінің сайты инстаграм және Fasebook желісі

https://www.facebook.com/usernameguldana, https://www.instagram.com/ruhanizhangyrutor/, http://dzhangeldi-roo.kz/kz/zha-aly-tar.html, http://zhangeldy.kostanay.gov.kz/

Әдістемелік кабинетінің әдіскері Абенова Гүлдана Қайыржанқызы

5

«Өлке құндылығы ұрпаққа мұра»

Қаңтар-ақпан 2019 жыл

230

инстаграм және Fasebook желісі

https://www.instagram.com/ruhanizhangyrutor/, https://www.facebook.com/usernameguldana.

Әдістемелік кабинетінің әдіскері Құспек Аян Салимжанович

6

«Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер»

29-30 сәуір 2019 жыл

127

Аудан әкімініңң сайты, білім беру бөлімінің сайты инстаграм және Fasebook желісі

https://www.facebook.com/usernameguldana, https://www.instagram.com/ruhanizhangyrutor/, http://dzhangeldi-roo.kz/kz/zha-aly-tar.html, http://zhangeldy.kostanay.gov.kz/

Әдістемелік кабинетінің әдіскері Абенова Гүлдана Қайыржанқызы

7

«Ел ертеңі-Жастар»

05 қараша 2019 жыл

50

Аудан әкімініңң сайты, білім беру бөлімінің сайты инстаграм және Fasebook желісі

https://www.facebook.com/usernameguldana, https://www.instagram.com/ruhanizhangyrutor/, http://dzhangeldi-roo.kz/kz/zha-aly-tar.html, http://zhangeldy.kostanay.gov.kz/

Әдістемелік кабинетінің әдіскері Абенова Гүлдана Қайыржанқызы

8

«Ұлттық ойындар-рухани құндылығымыз»

20 желтоқсан жоспар

70

Жергілікті Біздің Торғай газеті,  Аудан әкімініңң сайты, білім беру бөлімінің сайты инстаграм және Fasebook желісі

-

Әдістемелік кабинетінің әдіскері Абенова Гүлдана Қайыржанқызы

9

«АТАМЕКЕН»

22-23 мамыр 2019 жыл

120

Жергілікті Біздің Торғай газеті,  Аудан әкімініңң сайты, білім беру бөлімінің сайты инстаграм және Fasebook желісі

https://www.facebook.com/usernameguldana, https://www.instagram.com/ruhanizhangyrutor/, http://dzhangeldi-roo.kz/kz/zha-aly-tar.html, http://zhangeldy.kostanay.gov.kz/

Әдістемелік кабинетінің әдіскері Абенова Гүлдана Қайыржанқызы

10

«Мен болашақ инспектормын»

5-7 мамыр 2019 жыл

85

-

-

-

11

«Бала деген бір бақыт»

01 маусым 2019 жыл

200

Жергілікті Біздің Торғай газеті,  Аудан әкімініңң сайты, білім беру бөлімінің сайты инстаграм және Fasebook желісі

https://www.facebook.com/usernameguldana, https://www.instagram.com/ruhanizhangyrutor/, http://dzhangeldi-roo.kz/kz/zha-aly-tar.html, http://zhangeldy.kostanay.gov.kz/

Әдістемелік кабинетінің әдіскері Абенова Гүлдана Қайыржанқызы

12

«Шежірелі өлке-Торғай»

24 қыркүйек-18 қараша 2019 жыл

1100

Жергілікті Біздің Торғай газеті,  Аудан әкімініңң сайты, білім беру бөлімінің сайты инстаграм және Fasebook желісі

https://www.facebook.com/usernameguldana, https://www.instagram.com/ruhanizhangyrutor/, http://dzhangeldi-roo.kz/kz/zha-aly-tar.html, http://zhangeldy.kostanay.gov.kz/

Әдістемелік кабинетінің әдіскері Абенова Гүлдана Қайыржанқызы

13

«Таланттыларды іздейміз»

22-23 мамыр 2019 жыл

70

Жергілікті Біздің Торғай газеті

-

Әдістемелік кабинетінің әдіскері Досмағанбетова Асем

14

«Нұрхан оқулары»

15-19 суәір 2019 жыл

97

Жергілікті Біздің Торғай газеті

-

Әдістемелік кабинетінің әдіскері Досмағанбетова Асем

15

«Ертеңгі болашақ-бүгінгі жас ұрпақ»

13 маусым 2019 жыл

160

Жергілікті Біздің Торғай газеті

-

Әдістемелік кабинетінің әдіскері Құспек Аян Салимжанович

16

«Менің кіші-Отаным»

01 қазан 2019 жыл

23

Жергілікті Біздің Торғай газеті

https://www.facebook.com/usernameguldana, https://www.instagram.com/ruhanizhangyrutor/, http://dzhangeldi-roo.kz/kz/zha-aly-tar.html, http://zhangeldy.kostanay.gov.kz/

Әдістемелік кабинетінің әдіскері Абенова Гүлдана Қайыржанқызы

17

«Тұлпар мініп, ту алған!»

09 желтоқсан 2019 жыл

90

Жергілікті Біздің Торғай газеті

https://www.facebook.com/usernameguldana, https://www.instagram.com/ruhanizhangyrutor/, http://dzhangeldi-roo.kz/kz/zha-aly-tar.html, http://zhangeldy.kostanay.gov.kz/

Әдістемелік кабинетінің әдіскері Абенова Гүлдана Қайыржанқызы

18

«Әбіш оқулары»

03 желтоқсан 2019 жыл

85

Жергілікті Біздің Торғай газеті

https://www.facebook.com/usernameguldana, https://www.instagram.com/ruhanizhangyrutor/, http://dzhangeldi-roo.kz/kz/zha-aly-tar.html, http://zhangeldy.kostanay.gov.kz/

Әдістемелік кабинетінің әдіскері Досмағанбетова Асем

Әдістемелік кабинетінің әдіскері Абенова Гүлдана Қайыржанқызы

 

 

Қорғаншылық және қамқоршылық, инклюзив және мемлекеттік қызмет көрсету салалары бойынша атқарылған жұмыстары

 

Жангелдин ауданы бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органының есебінде тұрған ата-ана қамқорлығынсыз қалған, тұл жетім балалардың саны - 14. Бір балаға төленетін жәрдемақы көлемі – 25250 теңге.Жетім балаларды өз отбасыларына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген тұлғалар уақытылы республикалық деректер банкіне енгізіледі. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың баламалы нысандарын дамыту бойынша көбінесе қорғаншылық белгіленеді. Ауданда патронаттық тәрбиеде балалар жоқ. Бала асырап алу бойынша көбінесе туысқандық жағдайда асырап алынуда, сәбилер үйінен асырап алуға тілек білдіргендер жоқ.Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қорғаншылық белгілеу бойынша 2 балаға қорғаншылық белгіленіп, жәрдемақысы тағайындалды. Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою бойынша 2 іс қаралып, қанағаттандырылды. Ата-аналық міндетін тиісті орындамай жүргені үшін, ата-ана құқығынан айыру бойынша 1 істің құжаттары қаралып, қанағаттандырылды. Арқалық қаласының мамандандырылған сәбилер үйінен 1 бала отбасына қайтарылды. Қазіргі таңда аудан бойынша сәбилер үйінде тәрбиеленіп жатқан балалар жоқ. 2019-2020 оқу жылында аудан бойынша мүгедек және мүмкіндігі шектеулі 0-ден 18–ге дейінгі ПМПК қорытындысын алған балалардың саны - 70.  Соның ішінде инклюзивті білім берумен 11 мектепте 48 бала қамтылып отыр. Үйден оқытылатын балалар саны – 4. Инклюзивті білім беру бойынша биылғы оқу жылында 100-ден астам педагог-мұғалімдер жылжымалы курстан өткізілді.

Биылғы оқу жылында көмекке мұқтаж балаларды барынша қамту мақсатында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы дәстүрлі басталуынан бір ай бұрын, шілде айында басталды. Жергілікті «Біздің Торғай» газетіне 2019 жылдың 16 шілдесінде № 29 санымен хабарландыру жариыланды. Акция шеңберінде ауданның барлық мекемелері, жеке кәсіпкерлеріне хат жолданылды. Акция аясында 237 рейдтік іс-шаралар өткізіліп оған 312 адам ат салысты. Рейдтік тексеру барысында сабаққа бармай қалған, қаңғырған балалар анықталған жоқ. Биылғы жылы -  136 оқушыға 1 699 290 теңге көлемінде мектеп формасы, оқу құралдары және ақшалай көмек жасалса, бюджет есебінен (всеобуч) - 63 оқушыға 1 043 779 теңге көлеміндегі мектеп формасы, киім-кешектер берілді. Аудан бойынша барлығы 199 оқушыға 2 743 069 теңгеге көмек көрсетілді.

2019 жылдың соңғы 10 айында барлығы - 1087 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Соның ішінде жергілікті атқарушы орган арқылы - 506, мемлекеттік корпорация арқылы - 18, электронды түрде - 563.

      Сонымен қатар бөлімнің және мектептердің мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарының ай сайынғы есебі жүргізіліп бақылануда. Зейнетақы тағайындау жөніндегі аудандық бөлімшеге, Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасына берілетін аудан бойынша балабақшадағы кезектілік туралы ай сайынғы мәліметі, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қозғалысы туралы ай сайынғы есебі уақытында беріліп тұрады.

Оқулықпен қамтамасыз ету туралы

Биылғы 2019-2020 оқу жылында  жаңартылған  бағдарлама бойынша  4,9,10 сыныптарға  барлығы  28954,0 мың  теңге  қаражат  бөлініп, барлық мектептерге   толықтай   оқулықтар  сатып  алынып 100% пайыз   қамтамасыз  етілді.

 Қаржының игерілуі

«Жангелдин ауданының білім беру бөлімі» ММ-нің бюджеттік бағдарламаларын қаржыландырудың жеке жоспары бойынша 2019 жылға 1 млрд 904 млн 918 мың 700 теңге  жоспарланып, оның ішінде республикалық бюджеттен 426 млн 727,3 мың теңге, жергілікті бюджеттен 1 млрд 478 млн 191 мың 400 теңге бөлініп отыр. Өткен 10 айда 1 млрд 566,1 мың теңге жоспарланып, 100 % игерілді. Оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын 30% ға көтеру үшін -5 қызметкерге, мұғалімдерге жаңартылған білім мазмұны үшін 394 мұғалімге, мұғалімдердің педагогикалық шеберліктері үшін 158 мұғалімге, еңбекақысы төмен қызметкерлердің жалақысын өсіру үшін 674 адамға, үш тілдік жүйеден өткен 3 мұғалімге және үш тілдікте оқып жатқан мұғалімдердің орнын ауыстырғаны үшін 8 мұғалімге барлығы республикалық трансферттен үстеме ақылар төленді. Ш.Уалиханов ОМ-нің шеберханасына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін – 542,0 мың теңге, Спорт залының еденін ауыстыру үшін – 1210,0 мың теңге; оқулықтарды сатып алу және тасымалдау үшін-26414,4 мың теңге, жалпы оқыту қорынан аз қамтылған отбасы балаларына киімдер сатып алуға, сауықтыру лагерлеріне жолдамалар сатып алуға және ыстық және буфеттік тамақпен қамтамасыз етуге, облыс және аудан әкімдерінің шыршаларына қатыстыру үшін барлығы 16100,0 мың теңге.

Тегін медициналық бақылаудан өткізу үшін 640 мұғалімді -1616,0 мың теңге; Ақшығанақ ауылындағы Топаев ОМ-нің терезелерін ауыстыру жұмыстары үшін – 3498,0 мың теңге, Қызбел ауылындағы Дулатов ОМ-нің жылу қазандығын мектептен тыс жерге шығару үшін – 2980,0 мың теңге, Албарбөгет ОМ-не, Амангелді ОМ және Топаев ОМ-не пандус орнату үшін – 1600,3 мың теңге,  Балдырған балабақшасынын алдына ойын алаңын сатып алып орнату үшін -3850,0 мың теңге жергілікті бюджеттен бөлініп отыр. Автоматтандыру бойынша электронды мектеп және электронды балабақшаға көшіру үшін 10231,0 мың теңге облыстық бюджеттен 7100,0 мың теңге жергілікті бюджбеттен қаржы бөлініп автоматтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. «2019-2020 оқу жылыныа 4500 тонна қатты отын толығымен түсіріліп,  100 % қамтылып отыр.

Курстан   өту  мәліметі 2019 жылы

 

Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі және орта білім беру Департаменті «Өрлеу «БАҰО» АҚ Қостанай облысы бойынша филиалы базасында 2019 жылы ұйымдастырылатын педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстары  Жангелдин  ауданы бойынша  барлығы  123 педагог  білімдерін  жетілдіруде оның ішінде   мұғалімдер 22  мектепке  дейінгі   ұйымдардың  тәрбиешілері  курстардан  өтті.  Аталған  пәндерге   дене  тәрбиесінен -30 мұғалім, математикадан  25 мұғалім, Бастауыш  пәні  мұғалімдерінен -26 мұғалімдер   ауданда жылжымалы курстан  білімдерін жетілдірді.   .

Орлеу  біліктілікті  арттыру  орталығынан  өтетін -123 педагог  кадралардың  81 пәні  мұғалімі  ауданнан  өтті.

Кезектен  тыс  курстардан  барлығы  -77  мұғалім білімдерін  жетілдіріп  отыр. ҚР Нұр-Сұлтан  «AGZHAN» ғылыми-білім  беру  орталығынан  Инклюзивті білім беру бойынша -25мұғ, Кітапханашылар-19 білімдерін  жетілдірді.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының және оның филиалдарының базасында өткізілетін 2019 жылға арналған педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының бекітілген жоспар-кестесін   ауданда  64 мұғалім  білімдерін  жетілдірді.

Қостанай  қаласында  өтеді  іс  сапар  шығыны Педагогикалық шеберлік орталығының  есебінен  төленеді.

 

 Қостанай қаласына латын  графикасы-22мұғ, Үш  тілдік  курс-2 мұғ/    физика  -1,информатика-4, Алматы  қаласына  діни  экстремизм тақырыбындағы  курсқа -1 мұғ,Астана  қаласына  мектеп басшылардың  курсынан-2, Алматы  қаласынан  тәрбие ісі  жөніндегі  орынбасарларының курсынан -1мұғалім  білімдерін  жетілдірді.

Аудан  бойынша барлығы  - 419мұғалім  курстан  өтіп  отыр.

 

 

 

Өрлеу

ЦПМ

 

Уақыты 

1

Пән  мұғалімдері

123

64

Қостанай   қаласына

 

1

Мектепке  дейінгі  тәрбиешілер

22

 

 

Қостанай   қаласына

 

2

Дене  тәрбиесі

30 жылжыл курс

 

Торғай

17-21 маусым

3

Бастауыш

26жылжымал курс

 

Торгай

26март-12 апрель

4

Пән  мұғалімдері

20

 

Қостанай  Орлеу   орталығынан

 

5

Математика

25жылжымалы курс

 

Торгай

03-14маусым

6

ЦПМ -

64 мұғ

 

Қостанай

 

7

Латын   графикасынан

22мұғ жылжымалы

 

Торғайда

 

8

Кітапханашылар

19 жылжымалы

 

Торғайда

 

9

Үш  тілділік

2 мұғалім

 

Қостанай

 

10

Инклюзивті білім  беру

185 жылжымалы

 

 

 

11

Мектеп  директорының  тәрбие  ісі жөніндегі орынбасарлары

2мұғ

 

Нұр-сұлтан  қаласы 

 

12

Мектеп  басшыларының  курсы

2 дирек

 

Астана

 

 

Барлығы

419

 

307 жылжымалы  курстан  өтіп  отыр, қалған  112  Нұр-сұлтан, Қостанай, Алматы   қаласынан  өтіп  отыр.