«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында

ЕСЕП Жангелдин ауданы бойынша.

 

Қазіргі жағдай: 2020 жылдан бастап Жангелді ауданының білім бөлімінің қолдауымен 5 жоба, оның ішінде 26 іс-шара жоспарланып, Жол картасына енгізілді. Қаржыландырудың жалпы мөлшері 519 мың 950 теңгені құраса,  тартылған қаржы 1404,4 мың теңге,  2260 адам саны тартылды. Қазіргі жағдайға байланысты қамту саны 500 адамды құрайды.

 

«Бәсекеге қабілеттілік» «Осындай ұлт бар-ол еріктілер» атты жобасы ақпан айында бастау алып, сәуір айында аяқталды. Наурыз. Көктемге қарсы "Ардагерлердi ардақтайық" және "Қарлы десант" атты акциялары өттi. Бұл акция 3 жыл бойы тұрақты ұйымдастырылып келедi. Шара аясында ерiктiлер және ауданның мекеме жастары, жалғыз басты сонымен қатар қараусыз қалған қариялардың қыстыгүнi аула қарын тазалауға көмектестi. Қарлы десант акциясы аяқталған соң «Экологиялық десант» және «Антипластик» акциялары кезекке келді.  Сонымен қатар еріктілер тобымен «Ерікті-мақтанышпен естіледі» тақырыбында онлайн әңгіме-сұхбат өткізілді.

       

«Менің кіші Отаным»  2020 жылдың 2 қазанында аудандық деңгейде III-Республикалық "Менiң кiшi Отаным" атты жас тарихшылар олимпиадасы өткiзiлдi. Олимпиадаға 6 мектептен 15 оқушы белсендiлiк танытып, атсалысты. Конкурстың басты мақсаты: өлкетануға қызығушылық танытқан оқушыларды анықтау және қолдау, туған өлкенiң тарихын зерттеуде танымдық қызығушылығын ынталандыру. Іс-шара соңында арнайы сертификаттар табысталып, 1-ші орынға ие болған жас тарихшыларымыз облыстық кезеңге жолдама алып, Н.Г.Иванов ОМ 9-сынып оқушысы Қайыржанқызы Гүлдана II-орынға, Қ.Қайдосов ОМ 9-сынып оқушысы Қабылшақ Инабат III-ші жүлделі орындарға ие болды.

 

 

 

«Білімнің салтанат құруы»  осы бағыттағы іс-шараларда білім бөлімінің 2020 жылға арналған жоспарына сәйкес, Жангелді ауданы, Жаркөл ауылындағы Қаратүбек орта мектебінде 1404,4 мың теңге көлемінде демеушілік қаражат есебінен (мектеп бітірушілері) IT-кабинет ашылып, орнатылды.  Қазіргі таңда цифрлы технологиялар оқушылардың дарынын ұштап, сандық технологиялар бағытындағы білімін арттыруға жол ашпақ. IT-сынып тың идеялар мен жаңа ізденістерге жол ашуда. Сынып заманауи 10 компьютермен жабдықталған. Икемі бар жас таланттар білімін арттырып, шеберлігін шыңдап, түрлі байқауларға дайындалуға мүмкіндік алады.          

 

 

«Қазақстанның сакралды географиясы»

Арнайы жобалар: 2020 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларынан бастап  «Қазақстанның сакралды географиясы» арнайы бағыты бойынша ауданда «Шежірелі өлке-Торғайым» жобасы бастау алды. Жобаға  қазіргі жағдайды ескере отырып 300 адам қатысты. Қамту саны 1200 деп жоспарланған. Басты мақсаты: Туған жеріне, мәдениетіне, әдет-ғұрыптарына, дістүрлеріне жауапкершілікпен қарайтын және оның дамуына жеке үлесін қосатын, белсенді азаматтық ұстанымы бар патриотты тәрбиелеу көзделген. Жобаға жергілікті бюджеттен 500 мың теңге қаралған.

 

 

«Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында Ауған соғысының 41-жылдығына орай, Ауған соғысы ардагері Исмагулов Букейхан Амирхановичпен онлайн форматта кездесу өткізілді. Кездесуге жалпы білім беретін мектептерден 7-10 сынып оқушылары қатыстырылды. Кездесудің басты мақсаты: ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу, тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету. Бүгінде осы ардагерлеріміз Ауған жерінде болған сұм соғыстың қиын-қыстау кезеңдерін, ерлік пен даңқты батыр-қаhармандары туралы естелік айтушы тұлғаларымыз. Сарбаздарымыз өздерінің әскери міндеттерін адал орындап, әскери қызмет соңына дейін нағыз сарбаз атағына лайық бола білді. Сөз соңында Букейхан ағамыз, қазақ жігіттерінің ерліктері туралы баяндап, жастарды өз Отанын сүюге, қорғауға, өз елінің патриоты болуға шақырды.

 

 

 

Сонымен қатар «Идея бар», «STEAM-олимпиадасы», «Кітап оқы, рухани бай бол!», «Әл-Фарабидің ой күші», «Адам өміріндегі роботтар рөлі» атты онлайн іс-шаралар, эссе конкурстары жүзеге асырылды. Барлық аталған іс-шаралар жергілікті «Біздің Торғай», «Қостанай таңы» газетіне беріліп жарық көрді, сонымен қатар Fasebook, Instagram әлеуметтік желілеріне салынды. Қойылған мақсаттарымыз толығымен орындалып, аудан бойынша қаралған 5 жоба, соның ішінде 26 іс-шара жүзеге асырылды.

 

Цифрлы Қазақстан

Жангелдин   ауданы  бойынша   «Цифрлы  Қазақстан» мемлекеттік   бағдарламасының  іске асу жол  картасы  бойынша   білім  беру  саласында   цифрландыру  саласы  бойынша   6 жоба   қаралған.

Тәуіш ауылы,  Қаратүбек  орта  мектебінде  мектеп түлектер демеушілігімен 1404,4 мың теңгені құрайтын ІТ-сынып ашылды.

Мектепте  және   мектепке  дейінгі   ұйымдарға  балаларды  кезекке қою  ЖШС «Ханали» компаниясымен келісім шартқа отырып, атқарылған  жұмыстарды  оңтайландыру  автоматтандыру қызметі  100%  жүзеге асырылды және орындалды. Бірінші  сыныпқа  өтінім беруді  автоматтандыру  сүйемелдеу ауданның 24 мектеп  100% қамтылып отыр. Бұл автоматтандыру жүйесі ата-аналарға уақыттарын үнемдеп, үйде отырып 1-ші сыныпқа өтінім беруге арналған жүйе. Цифрлық технологиялар мұғалім мен ата-аналардың өмірін жеңілдетуге арналған және осы бағытта жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Атап айтқанда 2020 жылға барлығы 230 бала жаңа оқу жылына қабылданды. Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау автоматтандыру жүйесі жемқорлықпен және уақытылы 1-ші сыныпқа орналастырудағы түрлі әкімшілік кедергілерге қарсы күресте тиімді құрал ретінде қолданылады. Қаралған қаражат көзі 1250,0 мың теңге.

Балабақшаға кезекке қою жүйесі indigo.24.kz сайты бойынша жолдама алуға арналған тиімді жүйе. Жүйені пайдалану балабақша қызметкерлері мен білім беру бөлімінің қызметкерлері үшін  жұмыс процесін айтарлықтай жеңілдетеді. Қазіргі таңда 202 бүлдіршін кезекте тұр. Бұл автоматтандыру жүйесі ата-аналарға уақыттарын үнемдеп, үйде отырып балабақшаға кезегі келгені туралы, не болмаса жеңілдіктер туралы ақпаратты біліп отырады. Қазіргі таңда бұл жобы 100% орындалып, қолданысқа ие болып отыр. Қаралған қаражат көзі 1250,0 мың теңге.

Мектеп оқушылары үшін Kundelik.kz жүйесі не болмаса электронды журнал жасалып, іске қосылды. Ата-аналар баласының оқу үлгерімін, сабаққа қатысымын, сабақ кестесін, үй тапсырмаларын толыққанды көре алады. Сонымен қатар мұғаліммен тікелей байланыс жасап, кері байланыс алу мүмкіндігі 100% тиімді. Мұғалімдер кез-келген жерде, ғаламтордың көмегімен электронды журналды 100% толтыра алады. Оқушылар мен мұғалімдердің жеке деректемелері қауіпсіздікпен қамтылған, себебі кез –келген оқушы ол жүйеге өздігіен тіркеле алмайды, тек ғана  мектеп әкімшілігі тіркейді. Бұл жүйеге қаражат көзі талап етілмейді.

Bilim Land платформасы қазіргі цифрландыру бағдарламасының маңызды қосымшасының бірі. Осы платформа бойынша мұғалім мен оқушы арасындағы байланыс өте тығыз, кез-келген тақырыпқа сай оқу материалдары бар платформа. Бұл платформаның көмегімен мұғалім уақытын үнемдеп, оқушыларға жеке тапсырма дайындамауға арналған, тақырып соңында itest көмегімен өткен тақырып бойынша оқушы сынақ тапсырып, бағалану процесінен өтеді. Сабақ соңында мұғалім үй тапсырмасын тіркеп, оқушылармен, сыныппен және ата-аналармен кері байланысқа шыға алады. Қазіргі жағдайға байланысты осы платформа ауданымызда 100% қолданысқа ие болды. Қаралған қаражат көзі 4560,0 мың теңге. Қазіргі жағдайға байланысты (COVID-19), аталған платформадан басқа online.mektep платформасы жоғары деңгейде қолданысқа ие болып отыр. Облыстық бюджеттен 520 мың теңге бөлініп, арнайы келісім-шарт жасалып, мұғалімдерге және оқушыларға аккаунттар алынды. Барлығы 24 мектептің 21 Bilim land платформасында болса, қашықтықтан оқытылып отырған 3 мектеп online-mektep платформасымен жұмыс жасауда.

Сонымен қатар білім беру бөлімі ММ-сіне қарасты, онлайн семинар, вебинар өткізуге арналған жергілікті бюджет есебінен 180,0 мың теңгені құрайтын, цифрлық технологиялармен жабдықталған құрылғылар жиынтығымен қамтамасыз етілді.

Жангелдин ауданы білім беру бөлімі ММ, «Цифрлы  Қазақстан» мемлекеттік   бағдарламасының  іске асу жол  картасы  бойынша барлық жобалар 100% орындалды. Алдағы 2021 жылға 5 жоба жоспарланып, Жол картасына енгізілді.

 

Психология

Жангелдин ауданының жалпы және негізі білім беру ұйымдары бойынша 20 педагог-психолог жұмыс атқарады. Соның 19 жоғарғы білімді арнайы педагог-психологтар, 1-і педагог қызметкер. Арнайы мамандығы жоқ педагог-психолог міндетін уақытша атқарып жатырған С.Мәуленов орта мектебі (ағылшын тілі пәні мұғалімі) психологы. Жангелдин ауданының білім беру бөлімі  мемлекеттік мекемесі  «Оқушылардың эмоционалдық және мінез-құлық бұзылыстарын психологиялық зерттеу әдістері» тақырыбында 10 қаңтар 2020 жыл №6 бұйрыққа сәйкес барлық аудан мектеп психологтардың  қатысуымен аудандық семинар өткізілді.

COVID-19 короновирустық инфекцияның таралуының алдын алу кезеңінде білім беру процесіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету мақсатында, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы» КММ-сі, БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесіп, 2020 жылдың 13 мамырында барлық педагог-психологтардың қатысуымен,  «COVID-19 короновирустық инфекцияның таралуының алдын алу кезеңінде білім беру процесіне қатысушыларға психологиялық көмек көрсету бойынша орта білім беру ұйымдарының педагог-психологтарының жұмысы» атты республикалық онлайн-вебинар өткізілді. Қашықтықтан оқытуға кезінде аудан педагог-психологтары «Кәмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» тақырыптарында республикалық онлайн семинарлар мен білім жетілдіру курстарынан өтті.

2020 жылдың 5,6 және 7 қазан күндері педагог – психологтар үшін « Бірінші сынып оқушыларын бейімдеу», «Бесінші сынып оқушыларын бейімдеу» , «Қауіпсіз интернет»,  «Ата – анаға қашықтықтан оқыту бойынша ұсынымдар» тақырыбында республикалық  вебинар өткізілді. 10 қазан Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні, осыған байланысты, 2020 жылдың 7 қазанда барлық білім беру ұйымдарында педагог-психологтардың белсенді қатысуымен оқушылармен және ата-аналармен ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізілді.

Іс-шараларға ата-аналармен «Балалардың психикалық денсаулығы» тақырыбында онлайн-кездесулер, ата-аналар арасында ақпараттық материалдар мен бейне сабақтарды таратылды, сондай-ақ 8-11 сынып оқушыларымен «Менің психикалық денсаулығым» тақырыбында онлайн-сабақтармен  қамтылды.

Қостанай облысының үздік қосымша білім беру педагогтарын анықтау және қолдау мақсатында білім беру ұйымдарының қосымша білім беру педагогтары арасында «Өнегелі ұстаз» облыстық сырттай конкурсына

«Жангелдин ауданының білім беру бөлімінің Б. Хамзин атындағы өнер мектебі »КММ-нің бейнелеу өнері бөлімінің мұғалімі Сарсенгельдина Гульдана Койшиевна қатысып 1іріктеу кезеңінен,2 кезең финалға өтіп марапаттауға ие болды.

«Жылдың үздік психологы» аудандық қашықтықтан конкурсы өткізілді.

 

Аудан бойынша 19 мектептен 8 педагог-психолог ғана қатысты. Олар Ы.Алтынсарин, Ш.Уалиханов, Н.Г.Иванов, М.Дулатов, А.Байтурсынов, Ә.Жангелдин, А.Қонқабаев  атындагы  және  Шұбалан  негізгі  мектептерінің педагог-психологтары.  Қазылар алқасымен жұмыстар сараланып жүлделі орындар тағайындалды: I - орын Ы.Алтынсарин орта мектебінің педагог- психологы Сейтжанова Тоты, II -  орын Ә.Жангелдин атындагы орта мектебінің педагог- психологы Утебаева Қарлығаш, III – орын М.Дулатов орта мектебінің педагог – психологы  Жүсіпова  Қуаныш.

«Отбасылық клуб»  кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлқының алдын алу бойынша ата-аналардың психологиялық сауаттылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылып, аталған жобаға жауапты тұлғалар атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты  (фотоматериалдармен қоса) беріліп отырды. « Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ  2020 жылы 11 наурыздағы №142 «Кәмелетке толмағандарға қатысты тұрмыстық және физикалық зорлық – зомбылықтың профилактикасы бойынша тоқсан сайынғы анонимді сауалнама жүргізу туралы» бұйрығының негізінде  мектептер 5-11 сынып оқушылары арасында ( қашықтық форматта) аутодеструктивті мінез- құлықтың,тұрмыстық зорлық – зомбылықтың алдын – алу жөнінде анонимді сауалнамаларды жүргізіліп отырды.

«Кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті мінез – құлығын және оларға қатысты тұрмыстық зорлық – зомбылықтың алдын алу » қашықтық тан облыстық ата – аналар жиналысының өткізілді.

«Bekind» жобасы аясында еріктілер ZOOM платформасы 5 – 9 сынып оқушылары үшін «Буллинг» дегеніміз не және онымен қалай күресуге болады? тақырыбында онлайн сабақтар өткізілді.  2020 жылдың  қараша айының 07,14,21 күндері «Психологиялық көмек көрсету» бағдарламасы аясында "Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» атты мемлекеттік  әлеуметтік   жобасы   онлайн түрде  ұйымдастырылды. Вебинарға барлық білім беру ұйымдарының педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтері, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, 5-11сынып жетекшілері  қатыстырылып ,  сертификаттар табысталды.

 

 

Олимпиада

 

2020 жылдың 21 тамыз күні: 5-6 сыныптар арасында «Мың бала» олимпиадасының облыстық кезеңі Амангелді ауданында Б .Қолдасбаев мектебінде өтті. Барлығы 22 оқушы қатысты.Олимпиадаға 6 сынып бойынша:  Ш.Уәлиханов  мектебінен 3 бала,Ы.Алтынсарин мектебінен  1 бала, А.Байтұрсынов мектебінен 2 оқушы,С.Мауленов мектебінен 1 бала, Қаратүбек  орта мектебінен 2 бала, Қ.Топаев сектебінен 2 бала қатысты. 5 сыныптар бойынша : С.Мауленов мектебінен 1 бала, Қаратүбек орта мектебінен 2 бала, Қ.Топаев мектебінен 2 бала. Ы.Алтынсарин мектебінен 1 бала, А.Байтұрсынов мектебінен 1 бала қатысты.Соның ішінде облыстық кезеңнің жеңімпаздары : Ш.Уәлиханов мектебінің оқушылары 6 сынып оқушылары.Олар: Надим Данияр Асхатұлы, Жаңабай Медет Қайсарұлы, Айтбай Оелун Нұрболқызы. Ш.Уәлиханов мектебінің оқушысы Надим Данияр мен Жаңабай Медет  7 сыныпты  Қостанай дарыны  «Білім инновация» лицей интернатына оқуын  жалғастыратын болды.Қазіргі таңда білімді онлайн түрде оқып жатыр.Осы 3 жеңімпазға ноутбуктар сыйға берілді.

 

«Айқанат-2019-2020»

«Айқанат-2020» олимпиадасының облыстық  кезеңнің 2 тур бойынша жеңімпаздары 10 сыныптан 3 оқушы.Бұл оқушылар 23-26 қыркүйекте өтетін  Алматы обл,Қапшағай қаласындағы «Балдаурен»  курортық зонасында өтетін  Республикалық 3 турға жолдама алды. 10 сынып оқушылары : Ы.Алтынсарин мектебінен математика пәні бойынша ҚАЛАБАЙ АРАЙЛЫМ ,Ғ.Қайырбеков мектебінен  физика пәні бойынша САҒИТ ӘДІЛЕТ,Ш.Уәлиханов мектебінен эссе бойынша ХАМИТ АРУНА қатысты. Олимпиаданың  қорытындысы бойынша  облыстан  тапсырманы 100% орындаған 6 оқушының бірі Жангелдин ауданың қатысушысы болды. Ол қатысушы Ғ.Қайырбеков мектебінің оқушысы,  физика пәні бойынша САҒИТ ӘДІЛЕТ болды.Бұл оқушы  арнайы сертификатпен марапатталып, сыйлыққа планшет берілді.

 

 

 

«Құт мекенім - Қостанайым» -2020

3-24 тамыз аралығында ауылдық жерлердегі мектептер арасында өткен  «Құт мекенім - Қостанайым»  атты облыстық сырттай  байқауына облыс бойынша 43 қатысушы қатысып, соның ішінде  Жангелды ауданы бойынша  11 оқушы қатысты. Өз шығармашылығынан Қостанайға арнап өлең шумақтарын жырлады. Облыстық сырттай байқаудың  3 жеңімпазы анықталды. Олар: Қ.Жармағанбетов мектебінің 9 сынып оқушысы Ғабдімәлік Олжас  І орынды иеленді,Ы.Алтынсарин мектебінен  9 сынып оқушысы Мухамедьиярова Эзита 2 орынды иеленсе ,Ы.Алтынсарин мектебінің 8 сынып оқушысы Жұмақанов Елдар 3 орынды иеленіп арнайы дипломдармен марапатталды.Қалған 8 оқушы сертификаттармен марапатталды.

 

 

 

Ғылыми жұмыс 2020

2020 жылдың 23-27 қараша айында болатын облыстық ғылыми жұмысқа 5 оқушы қатысады. Олар:Амангелды орта мектебінің 8 сынып оқушысы Абайұлы Сахаба, Қаратүбек орта мектебінен  10 сынып оқушысы Нағашыбай Жібек, Ы.Алтынсарин мектебінен  11 сынып оқушысы Жүсіп Әулетбек Тұрсынханұлы, Ы.Алтынсарин мектебінен  10 сынып оқушысы Тәпен Айым Шыңғысқызы,Қ.Жармағанбетов мектебінен  11 сынып оқушысы Ахат Ержанат Ерболұлы қатысады.

Облыстық кезеңнен Қ.Жармағанбетов мектебінен  11 сынып оқушысы Ахат Ержанат Ерболұлы қазақ әдебиеті секциясынан 3 орын алса, Қаратүбек орта мектебінен  10 сынып оқушысы Нағашыбай Жібек 2 орын иеленді.

2020-2021 оқу жылында сәуір айында болатын аудандық кезеңге 20 ғылыми жұмыс ұсынылып отыр.

 

 

Зерде ғылыми жұмыс 2020

1-7 сынып арасында аудандық «Зерде» ғылыми жұмыс өткізілді.Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты, екі күнге бөліп өткіздік.Аудан бойынша 63 бала қатысты. 28-29 қазан аралығында «Ы.Алтынсарин орта мектебі» КММ де өткізілді.Аудан бойынша барлығы 14 мектеп қатысты,қалған мектептер ауа райына байланысты қатыса алмады. Ғылыми жұмыс 9 секция бойынша бағаланды, және де екі топқа бөлінді.1-ші топ 1-4 сыныптар, кіші топ болса, 5-7 сыныптар, үлкен топ деп есептелінді.Ауданнан 1 орын алып, облыстық кезеңге 7 оқушы жолдама алды.Олар: Ы.Алтынсарин орта мектебінен 4 сынып оқушысы Қылышбек Мерей -5 секция медицина,психологиядан, Қ.Жармағанбетов орта мектебінен 1 сынып оқушысы Ғарифолла Еркеназ- 7 секция химия,биологиядан, Қ.Қайдосов орта мектебінен 7 сынып оқушысы  Берік  Айша  -1 секция  қазақ тілі мен әдебиетінен, Ы.Алтынсарин орта мектебінен 7 сынып оқушысы Бектанұлы Алпамыс-4 секция физика,техникадан, Ш.Уәлиханов орта мектебінен 7 сынып оқушысы Айтбай Оелун Нұрболқызы - 7 секция химия,биологиядан, Ы.Алтынсарин орта мектебінен 7 сынып оқушысы Ғалымжанова Көркем - 3 секция математика,информатикадан, Қаратүбек орта мектебінен  6сынып оқушысы  Жақсылық  Қарақат- 6 секция өлкетану,тарих,этномәдениеттанудан орын алды.Барлық секция бойынша 55 жүлдегер болды, оның ішінде 1-4 сынытардан 21 оқушы жүлдегер болса, 5-7 сыныптан 42 оқушы жүлдегер болды. Ал қалған оқушылар номинациямен марапатталды.Қатысқан барлық оқушыларға сертификаттар берілді.Облыстық кезең 16 қарашада басталады. Жолдама алған оқушыларға сәттілік!

 

 

16 қарша күні облыстық кезеңге Қ.Қайдосов орта мектебінің 7 сынып оқушысы Берік Айша -1 секция  қазақ тілі мен әдебиетінен 3 орын иеленсе, Қаратүбек орта мектебінің 6 сынып оқушысы -6 секция өлкетану бойынша Жақсылық Қарақат сертификатпен марапатталды.17 қараша күні 2 бала обылыстық кезеңге қатысып, сертификатпен марпатталды.18 қараша күні 2 оқушы қатысты, Ш.Уәлиханов орта мектебінің оқушысы Айтбай Оелун 3 орынды иеленді.

 

 

 

 

 

Айқанат 2020-11-05

Жангелдин ауданы бойынша 5 қараша күні 9-сынып оқушылары арасында  аудандық  өткізілген  “IQANAT”олимпиадасының  І кезеңіне 17 мектеп қатысты.Аудан бойынша  99 оқушы қатысты, бұл аудан бойынша 96,1% құрады.Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты, олимпиада әр мектеп базасында өткізілді.А.Байтұрсынов орта мектебінен -12 оқушы, Ғ.Қайырбеков орта мектебінен -4 оқушы, Қ.Қайдосов орта мектебінен -3 оқушы, Албарбөгет орта мектебінен-2 оқушы, Ы.Алтынсарин орта мектебінен -30 оқушы, Ш.Уәлиханов орта мектебінен – 8 оқушы, М.Дулатов орта мектебінен – 5 оқушы, Қаратүбек орта мектебінен -7 оқушы, Жангелдин орта мектебінен -5 оқушы, С.Мауленов орта мектебінен – 1 оқушы, Қ.Топаев орта мектебінен -4 оқушы, Қ.Жармағанбетов орта мектебінен -4 оқушы, Шұбалаң негізгі мектебінен -2 оқушы, Сарысу негізгі мектебінен -2 оқушы, Амангелді орта мектебінен -2 оқушы, Н.Г.Иванов орта мектебінен-5 оқушы, А.Қоңқабаев орта мектебінен -3 оқушы қатысты. Қатысушылардың “IQANAT”олимпиадасының  ІІ  кезеңіне өтуіне тілектеспіз!Қатысушыларға сәттілік!

  

 

 

7-8 сыныптар арасында физика пәні бойынша жасөспірімдер олимпиадасы

2020 жылдың 13 қараша күні өткен облыстық кезеңге 7-8 сыныптар арасында физика пәні бойынша жасөспірімдер олимпиадасына Жангелдин ауданы бойынша 7 сыныптан Ғ.Қайырбоеков атындағы орта мектебінің оқушысы Жақсылық Жанкүміс, 8 сыныптан Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің оқушысы Бекет Еркеназ қатысып, сертификаттармен, марпатталды.

 

5-6 сыныптар арасындағы  Республикалық пәндік олимпиадасының мектепішілік кезеңі

2020 жылдың 23 қазанда қашықтықтан өткен мектепішілік олимпиадаға Жангелдин ауданы бойынша 18 мектеп қатысты. Оқушылар тапсырмаларды онлайн сілтемелер арқылы  математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы пәндері бойынша тест тапсырды. 2020 жылдың 20 қараша күні өтетін «Қостанай дарын орталығы» ұйымдастырған  5-6 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының  аудандық кезеңіне 40 оқушы қатысып, 17 оқушы орын иеленді.Орын алған оқушылар марапат пен марапатталып, қалған оқушыларға қатысқаны үшін сертификат берілді.

 

Облыстық олмпиадаға резервке оқушы қатыстыру

Олимпиадаға резервке оқушылар дайындауға облыстық кезеңге 8 оқушы қатысты.Олар: химия пәнінен Асқарбек Жұлдыз Мизамбекқызы –Қаратүбек орта мектебінің 9 сынып оқушысы, Сабит Сымбат- Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы,  математика пәні бойынша Қалабай Арайлым –Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы, Қайыржан Гүлдана- Н.Г.Иванов атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы, физика пәнінен Жақсылық Жансырым –Ғ.Қайырбеков атындағы орта мектебінің – сынып оқушысы, Мухамедиярьова Эзита - Ы.Алтынсарин орта мектебінің 9 сынып оқушысы , биология пәнінен  Ғарыпжан Темірлан –Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы, Тәпен Айым -Ы.Алтынсарин орта мектебінің 10 сынып оқушысы қатысты.Физика пәнінен 2 орынды Ы.Алтынсарин орта мектебінің 9 сынып оқушысы Мухамедиярьова Эзита иеленді.Қалған оқушылар сертификатттармен марапатталды.

 

 

«Тәрбие саласы»

30 қыркүйек күні аудандық «Бала тәрбиесіндегі сынып жетекшінің рөлі» тақырыбындағы ZOOM онлайн платформасында сынып жетекшілермен семинар өтті. Семинардың  мақсаты:  Сынып жетекшілер мен оқушылар арасындағы білім берудің біртұтас ақпараттық жүйесін құру арқылы оқушылар мен мұғалімдердің қарым-қатынасын нығайту.

Семинарға аудан мектептерінен 19 сынып жетекші қатысты. Семинарда баяндама оқыған: «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ Исатова Таңшолпан,  «Н.Г.Иванов атындағы орта мектебі» КММ Жамшитова Замира және семинарға қатысушылармен тренинг жүргізген «Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі» КММ-нің мұғалімі Қапарова Айдана. 

Аталған семинарда сынып жетекшілер өз ойларымен бөлісіп, толғандырып жүрген сұрақтарын ортаға салды.

 

   

 

5-14 қараша аралығында күзгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында "ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ—КҮЗГІ ИНТЕРАКТИВТІ!" атты жоспар құрылды. Жоспар бойынша 1-11 сынып оқушылары арасында «Жүрегім толы мейірім» Қайрымдылық акциясы, «Әдебиет тұлғалардың әлемі» Жергілікті ақын-жазушылармен онлайн кездесу, «Мұражай-тарих айнасы» Аудан мұражайлар кешені қызметкерлерімен онлайн кездесу, «Қазақстан – менің Отаным» балалар суреттерінің онлайн көрмесі, «Дарындар әлемі!» ән,би,күй шешендік өнер байқаулары, «Робототехника – болашақтың бағдары» онлайн тренингтер, «Салауатты өмір салтын қолдаймыз!» Жергілікті спортшылармен онлайн кездесулер, «Отбасылық шеберхана» балалар қолөнерінің онлайн көрмесі, ата-аналардың шеберлік сыныбы, «Өзіңді қорға!» бейнероликтер байқауылары өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша үздек деп танылған мектептер мен оқушыларға мадақтамалар берілді.

    

14-15 қазан аралығында Екінші ұстаз, энциклопедист ғалым Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Әл-Фараби-әлемдік тұлға» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, кәсіби шеберлік көрсеткен Ы.Алтынсарин мектебінің мұғалімдері Маженова Салтанат, Андагулова Данагул марапатталды.

   

5-15 қарашада 8-11 сынып оқушылары арасында «Мен – Тәуелсіз елдің ұланымын» атты аудандық сырттай эссе конкурсы өтті. Эссеге 11 аудан мектептерінен 15 оқушы қатысты. «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-нің оқушысы Әшім Мерей 1 орын, «Ғ.Қайырбеков атындағы орта мектебі» КММ-нің оқушысы Мияссар Ілияс 2 орын, «М.Дулатов атындағы орта мектебі» КММ-нің оқушысы Мәлікзада Аружан 3 орын алды.

 

9-11 желтоқсан аралығында шығармашыл оқушылар арасындағы «Ақберен» республикалық онлайн өнер байқауында Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің оқушылары көркемсөз оқу (поэзия, проза, драмалық шығармадан үзінді) номинациясы бойынша  11 сынып оқушысы Жүсіп Әулетбек Тұрсынханұлы 1 орын; Ұлттық аспапта өнер көрсету (домбыра, қобыз, жетіген және т.б) номинациясынан 10 сынып оқушысы Жаңабай Алтынай 3 орын алды. 

 

11 желтоқсанда 8-11 сынып оқушылары арасында облыстық «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» эссе байқауында С.Мәуленов орта мектебінің оқушысы Сандибек Асыл Әмірбекқызы 3 орынды иеленді;

7-11 желтоқсанда облыстық «Тәуелсіз Қазақстан балалар көзімен» балалар шығармашылық жұмыстарының конкурсынан Сарысу негізгі мектебінің 4 сынып оқушысы Тұрағұл Аружан 1 орынды иеленді.

 

14 желтоқсан күні Жангелдин ауданының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес, Тәуелсіздік күніне арналған "Тәуелсіздіктің 29 шыңы" тақырыбындағы zoom онлайн платформасында пікірталас сайысы өткізілді. Пікіріталасқа Ы.Алтынсарин мектебінің оқушылары Мухамедьярова Эзита, Сәбитбек Салтанат, Ш.Уәлиханов орта мектебінің Серік Жансая, Жаңабай Гүлім қатысты. Оқушылар өздерінің ойларын ортаға салып, жақатушы жақ пен даттаушы жақ тартысты да, қызықты пікірталасты ұйымдастыра алды.

 

 

 

Курс мәліметі

 

Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі және орта білім беру Департаменті «Өрлеу «БАҰО» АҚ Қостанай облысы бойынша филиалы базасында 2020 жылы ұйымдастырылатын педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстары  Жангелдин  ауданы бойынша  барлығы  400 педагог  білімдерін  жетілдіруде оның ішінде   мұғалімдер 22  мектепке  дейінгі   ұйымдардың  тәрбиешілері  курстардан өтуде. 

Өрлеу  біліктілікті  арттыру  орталығынан  өткен  -64 педагог,  инклюзивт білім беру бойынша -250мұғалім  білімдерін  жетілдірді.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының және оның филиалдарының базасында өткізілетін 2020 жылға арналған педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының бекітілген жоспар-кестесін   ауданда  64 мұғалім  білімдерін  жетілдірді.

Қостанай  қаласында  өтеді  іс  сапар  шығыны Педагогикалық шеберлік орталығының  есебінен  төленеді.

 

Спорт саласы  білдірме.

Әл-Фараби атамыздың 1150 жылдығына арналған өқушылардың қысқы спартакиадасы шаңғы және қысқы президенттік көпсайыс түрлерінен 2020 жылдың 6-7 ақпан күндері өткізілді.Спартакиадаға 269 спортшы қатысып бақтарын сынады.

 

 

Жалпы командалық есепте Қаратүбек орта 1орынды, 2 орынды Ы.Алтынсарин орта мектебі,3 орынды Ш.Уәлиханов орта мектебі жеңіп алды.

Абай атамыздың 175 жылдығына арналған оқушылардың жазғы спартакиадасы бағдарламасына сай гір спорты, тоғызқұмалақ, шахмат, стол теннисі(136 оқушы) түрлері бойынша 2020 жылдың 20-21 ақпанда өткізілді.2020 жылдың 12-14 наурыз аралығында дзюдодан оқушылар арасында облыстық оқушылардың спартакиадасына қатысып, аудандар арасында 1 орынды жеңіп алды.

 

 

Жалпы мектептер бойынша 119  әртүрлі деңгейлі жарыстар өткізіліп, 3790 оқушы жарысқа қатысты.2020 жылдың 16 наурыздан бастап, пандемияға байланысты барлық аудандық және облыстық жарыстар тоқтатылды.Жалпы сабақтар қашықтан оқыту формасына көшті.Дене шынықтыру сабақтарына, мектеп мұғалімдерін ұйымдастырып, 4 тоқсанға  наурыз, сәуір айларында қашықтықтан берілетін сабақтар түсірілді.   1-11 сыныптарға арналған облыстық дене шынықтыру базасы толықтырылды. Облыстық онлайн жарыстарға қатыстыру жүргізіліп келеді. Жаңа оқу жылында мектептер бойынша спорттың түрлері бойынша 93 секция жұмыс жасайды, 1363 оқушы қатысады.1 – 2 тоқсан  бойынша 96 сабақ  түсіріліп  облыстық білім бөлімі базасы толықтырылды. 2020 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде, «Алға» қоғамдық  бірлестігі жетекшісі  М.Баймағанбетов пауэрлифтингтен семинар кеңес және жарыс өткізді.