Болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында,  2019 жылдың 01 қазан күні Ы.Алтынсарин қазақ орта мектебінің базасында «Білім беру бөлімінің» ұйымдастыруымен II Республикалық ғылыми-практикалық, жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты интеллектуалдық конкурсы өткізілді. Жалпы конкурс 9-10 сынып аралығында, 7 мектептен 23 оқушы қатысты. Конкурс 2 турдан тұрады: 1-тур Қазақстан тарихы пәні бойынша сұрақтар, 2-тур 4 номинация бойынша өтті. Қорытындылай келе:

-«Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша I-орын  Қ.Қайдосов орта мектебінің 10 сынып оқушысы Асқар Жанеля Асқарқызы, II-орын Албарбөгет орта мектебінің 10 сынып оқушысы Мүсілім Наргиз, III-орын Н.Г.Иванов орта мектебінің 9 сынып оқушысы Рахымжан Ерұлан иеленді.

-«Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша II-орын Ы.Алтынсарин қазақ орта мектебінің 10 сынып оқушысы Жәкіш Қайрат, III-орынға Ш.Уәлиханов орта мектебінің 10 сынып оқушысы Қылышбек Айзат иеленді.

-«Менің туған өлкем» номинациясы бойынша I-орын Ы.Алтынсарин қазақ орта мектебінің 10 сынып оқушысы Жүсіп Әулетбек, II-орын Албарбөгет орта мектебінің 10 сынып оқушысы Сәлім Шыңғыс, III-орынға Ш.Уәлиханов орта мектебінің 9 сынып оқушысы Серік Жансая иеленді.

«Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша II-орынға Ы.Алтынсарин 9 сынып оқушысы Нұрханқызы Гүлназым, III-орынға Қ.Қайдосов орта мектебінің 10 сынып оқушысы Жаңбырбай Ақбаян ие болды.

 

Әдіскер: Гүлдана Қайыржанқызы