Технология пәнінің мұғалімдері «Ұлы даланың ұлы өркениеттері» атты қолөнер көрмесін қойды. Көрмеге дала өркениетінің зор қуаты мен эстетикасын әйгілейтін, сонау көне тарихтан бастау алатын «Алтын адам» бейнеленіп, түрлі қолөнер бұйымдары болды. Ұйымдастырушы мектептер «Кинодағы тарихи тұлғалардың келбеті» тақырыбында «Көшпенділер», «Жаужүрек мың бала», т.б. ұлы батырлар мен даңқты қолбасшылар туралы көркем фильмдер көрсетті.

 

.