2019ж. 12 сәуір күні Жангелдин ауданы, Торғай селосында Ш.Уәлиханов орта мектебінің базасында «Ханталапай» атты интеллектуалды ойын-сайысы өтті. Сайысқа ауданның бала-бақшасынан, қысқа мерзімді шағын топтардан 60 бүлдіршін ат салысты. Мақсаты: қазақтың ұлттық ойындарын дәріптеу арқылы балалардың интелектуалдық, тапқырлық, ептілік, дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету. Ойынның шартымен бүлдіршіндер толықтай танысты. Білім бөлімі әдіскерлерінің төрешілігімен қорыта келе 1-ші орынға ие болған Ы.Алтынсарин орта мектебінің бүлдіршіні алға басып озса, 2-ші орынды Ш.Уәлиханов орта мектебінің бүлдіршіні жеңіп алды. 3-ші орынға Н.Г.Иванов орта мектебінің бүлдіршіні ие болды. Сайыстың нәтижесі: бүлдіршіедер асықтың түр-түрінен ажырата бастады, асықпен толықтай танысты. Келешекте асық ойындарымен ойнайтынын білдірді.

 

.